Басты > Жаңалықтар > Көкпекті ауданы бойынша халықтың цифрлық сауаттылығы туралы ақпарат
Көкпекті ауданы бойынша халықтың цифрлық сауаттылығы туралы ақпарат11-06-2020, 17:18. Разместил: admin |
"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында облыста халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар көзделген. Бағдарлама міндеттерінің бірі – халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2023 жылға қарай 83% - ға дейін арттыру. "Цифрлық сауаттылық" термині қарапайым тілмен айта кетсек, адамның күнделікті өмірде және жұмыста ақпараттық технологияларды пайдалана білуі мен іскерлігі. Бұл үшін ағымдағы жылы 17 маусым мен 31 тамыз аралығында еліміздің әр өңірінде халықты оқыту (тегін негізде) ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта халықтың цифрлық сауаттылығының базалық деңгейі артуда. Көкпекті ауданы бойынша 16 селолық округтерінде 2019 жылы 650 адам оқытылса, 2020 жылыдың 4 ай ішінде 500-ден аса адам оқытылды. Оқыту онлайн режимінде жүзеге асырылды, яғни whatsapp қосымшасы арқылы. Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңына сәйкес цифрлық сауаттылық адамның күнделікті және кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана білуі мен іскерлігі, дегенмен базалық және кәсіби цифрлық дағдыларды қамтиды. Базалық цифрлық дағдылар келесі дағдыларды қамтиды:
5. ақпараттық қауіпсіздік дағдылары, соның ішінде қаржы мəмілелері кезінде жеке деректерді қорғауды, есептегіш құралдарды, Интернет пен қауіпсіздікті қамтитын ақпараттық қауіпсіздік дағдылары. Әзірленген оқу бағдарламасы халықты, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын базалық цифрлық дағдылар бойынша оқытуға бағытталған. Оқу бағдарламасының мақсаты - одан әрі оқыту, жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ алған дағдыларын еңбек қызметінде қолдану үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін қамтамасыз ету. Тыңдаушыға қойылатын талаптар:
Курсты оқу нәтижесінде тыңдаушы: білуі тиіс:
Бағдарлама 4 сағат 45 минутқа (480 минут) есептелген, оның ішінде дәріске - 2 сағат 10 минут (130 минут) және практикалық жұмысқа - 2 сағат 35 минут (155 минут) кіреді. Вернуться назад |