Главная > Жаңалықтар > Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізуге конкурс жариялау

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізуге конкурс жариялау


6-05-2021, 08:32. Разместил: admin

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізуге конкурс жариялау

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының негізінде, "Көкпекті ауданының білім бөлімі" ММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтай отырып, 40 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін   конкурс жариялайды.

  «Көкпекті ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  өз қызметінің басталғаны туралы хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Конкурсты өткізу мерзімі: 11.05.2021 ж - 31.05.2021 ж. 

Мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағиданың  1-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;

      2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысы, банктен берешектің жоқ екені туралы анықтама, салық органынан құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар берешектің жоқ екені туралы анықтама;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;

4.      "Жоғары эпидемиологиялық білімі бар объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт) 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі», мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі №15217 бұйрығымен бекітілген);

5.      Медициналық кабинетке лицензияның болуы туралы көшірме немесе бекітілген орнын есепке ала отырып, емханамен қызмет көрсетуге арналған шарт; 

6.      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды тек қана білім беру бөлімінің жолдамасы бойынша, заңға сәйкес тамақтану үшін белгіленген ата-ананың ақы төлеу мөлшері бар балаларды қабылдау туралы Өнім берушінің міндеттері. Өнім беруші осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес міндеттемелер нысанын толтырады

7.      Педагогтік немесе кәсіптік білімі бар мемлекеттік үлгідегі тәрбиешілер құжаттарының көшірмелері.


  Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталады және конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

     Комиссия ұсынылған өтінімдерді отырыста 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.     Комиссия отырысынан кейін мынадай ақпаратпен конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жасалады. 

   Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкестікке келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

      Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешімі  шығарылады.

    Комиссияның шешімі мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мүмкін болатын ең көп орын санын көрсете отырып, хаттама түрінде ресімделеді.

   Жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан ұсыныстар саны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар санынан асып кеткен жағдайда өнім берушілерді комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурстық негізде іріктейді.

Өнім берушілерді конкурстық іріктеу кезіндегі қосымша өлшемдер: 

1.  Жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің жалпы санынан кемінде 10% үлесі; 

2.  Тиісті бейіндері бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санының кемінде 50% құрайды.

Конкурстық өтінімдерді қарау

Конкурстық ұсыныстарды құрамы білім бөлімі басшысының бұйрығымен бекітілетін Конкурстық комиссия қарайды.   

Ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылданды деп есептеледі.

Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды. Комиссия отырыстары, егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жарамды деп есептеледі. 

  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Көкпекті ауданының білім беру бөлімінің интернет-ресурстарында жарияланады.

  Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өтінімдері салынған конверттер "Көкпекті ауданының білім бөлімі" ММ-де 16 сағат 00 минутта ашылатын болады. 

Өтініштер «Көкпекті ауданының білім  бөлімі» ММ-не келесі мекенжайға ұсынылады: Шығыс Қазақстан облысы,Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Южная көшесі, Анықтама үшін  тел. 2-72-29.




Вернуться назад