Главная > Жаңалықтар > Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін


28-02-2022, 12:27. Разместил: admin
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдар тізбесіне енгізуге меншік нысанына қарамастан ұйымдардың құжаттарын қабылдау туралы конкурс жариялау .
2022 жылдың  01-31 наурыз аралығында меншік нысанына қарамастан, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген ұйымдардың құжаттарын қабылдау басталады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан, балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және Балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Тізбеге енгізілген ұйымдарда орналастырылады.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі бір балаға мынадай шығындар өтеледі:
1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым қызметкерлерінің жалақысы.";
2)ғимаратты (үй-жайды) күтіп-ұстауға және пайдалануға арналған шығыстар;
3) педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған шығыстар кіреді.
Көкпекті ауданының білім бөлімі " ММ 120 орындық балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдар тізбесіне енгізуге конкурс жариялайды. (Қосымша білім берудің көркем – эстетикалық бағыты – 50 орын, қосымша білім берудің декаративті-қолданбалы бағыты – 40 орын, қосымша білім берудің ғылыми-техникалық бағыты – 10 орын, қосымша білім берудің спорттық бағыты-20 орын)
Балалардың қосымша білім алу рәсіміне қатысуға және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға тілек білдірушілер білім бөлімі ММ-не осы 
Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш және мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес ұйым ғимаратының/ үй-жайларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, ұйымның жарғысы (Ереже, құрылтай шарты);
3) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде, құжаттар берілгенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнгі берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер;
4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі не ұйымға пайдаланылатын жалдау шартының көшірмесі;
5) балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары;
6) педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі, біліктілік деңгейі туралы құжаттарының көшірмесі;
7) ұйымның жұмыс тәжірибесін (бар болса) растайтын құжаттардың көшірмелері (Жарғыға, құрылтай құжаттарына, шарттарға сәйкес) не ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат
Балалардың қосымша білім алуына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдар тізбесіне енгізу үшін ұсынылған ұйымның құжаттары тігіледі, нөмірленеді, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен расталады.
Меншік нысанына қарамастан балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДҚ) тіркелуі қажет.
Құжаттар пакетін білім бөлімі 2022 жылғы 1 наурыздан 31 наурызға дейінгі мерзімде қолма-қол қабылдайды
Мамандардың байланыс деректері: 87781581763, 87776339938
Комиссия ұсынылған құжаттарды отырыста 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Комиссия құжаттарды алдын ала зерделеу үшін жұмыс топтарын құрады.
Комиссия құжаттарды қарау қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдар тізбесіне енгізу;
2) Осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, балаларды ұйымда қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдар тізбесіне енгізуден бас тартуға құқылы.
Ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
Хаттамаға төраға және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Комиссия отырыстары, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жарамды деп есептеледі.
Балаларды қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдар тізбесіне енгізу туралы шешім шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Көкпекті ауданы бойынша бөлімі" ММ интернет-ресурстарында жарияланады.

Вернуться назад