Білім бөлімнің негізгі мақсаты мен міндеттері:
14-09-2019, 16:07
Қызметтік міндеттері:
- "Қазақстан-2030" аясында ҚР "Білім туралы"-Заңын жүзеге асыру.
- Білім беру саласының ұйымдастырушылық ролін арттыру, мекемелерді лицензиялаудың жоспарлы жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, материалдық қамтамасыз ету.
- Қоғамдық ортамен, жергілікті атқару ұйымдары (органдары) және басқа да құрылымдармен байланысты нығайтуды жалғастыру.
- Түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсету.
- Білім кеңесінің шығармашылық еңбегіне бақылау мен басшылық жасау.
- Мектеп оқушыларын жеке тұлға ретінде өмірге даярлаудың сапасын арттыру. Мектептерде алғашқы кәсіптік білім беруді дамыту. Мектеп оқушылары арасында салауаттылықты тұрақты қалыптастыру. Білім сапасын арттыру мен тәрбиелілік дәрежесін дамыту.
- Білім беруді дамыту бағдарламаларын меңгерту үшін жағдайлар жасау.
- Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру.
- Азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.
- Білім беру ұйымдарының еркіндігі, дербестігін кеңейту, білім беру ісін, басқаруды демократияландыру.
- Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кәсіби деңгейін көтеру және оларды екінші мамандыққа қайта даярлауды ұйымдастыру.
- Мемлекеттік мекеме білім бөлімі мектептердегі, мектепке дейінгі, мектептен тыс мекемелердің сыныптардың /топтардың/ санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес толықтырылуын бақылайды, ұйымдастырады.
- Мектептердің оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және бақылайды.
- Мемлекеттік мекеме аудандық білім бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңдарын орта білім беретін мектептер туралы типтік ережелерді барлық деңгейдегі білім жүйесін басқару органдарының шешімдері мен нормативтік құжаттарды,
- Мемлекеттік мекеме аудандық білім бөлімі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру мекемелерінің құрылтайшысы болады.
- Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады.
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастырады, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық ұйымдарға орналастырады.
- Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне мезгіл-мезгіл бақылау жүргізіп отырады. Білім беру мекемелеріндегі тәрбиеленушілер арасында салауаттылықты насихаттайды және ұйымдастырады.
- Педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізеді және оларға біліктілік санаттарын белгілейді.
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие және мектептен тыс мекемелер мен /ұйымдармен/ бастауыш, орталау, орта мектеп басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады.
- Кәісіптік-техникалық мектептерде, кәсіптік лицейлер мен колледждерде жұмысшылар мен мамандар даярлауға конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырмасын орындайды.
- Мектепке дейінгі, жалпы орта,мектептен тыс, кәсіптік бастауыш білім беру мәселелері бойынша жоғарғы тұрған органдарға статистикалық есеп беріп отырады.
- Өз құзіреті негізінде білім беру мекемелерін 5 жылда бір рет, өндіріске қажетті деп табылғанда мезгілден тыс аттестациялауды өткізеді.