Русский   Қазақша
Регистрация

Маңызды

» » Жоспарланып отырған ""Алтын бесік-Құлынжон» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын құру" жобасы бойынша мүдделерді білдіруді сұрату

Жоспарланып отырған ""Алтын бесік-Құлынжон» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын құру" жобасы бойынша мүдделерді білдіруді сұрату

19-08-2020, 07:55

Жоспарланып отырған ""Алтын бесік-Құлынжон» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын құру" жобасы бойынша мүдделерді білдіруді сұрату



Көкпекті ауданының әкімдігі мемлекеттік - жеке меншік әріптестік шеңберінде жарғылық капиталдағы мемлекеттің 100% қатысу үлесімен "Алтын бесік-Құлынжон" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құруды жоспарлап отыр және жобаны талқылауға әлеуетті әріптестерді тарту және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүдделерді білдіруді сұрату туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі бағыты  1 жастан 5 жасқа дейінгі 40 баланы қабылдау және қамту үшін балабақша кәсіпорнын құру болады.

МКК-ға келесі қызмет түрлерін бекіту болжанады:

- Қараусыз қалған ғимаратты жөндеу және монтаждау жұмыстары;

- Балабақша және толық күн болатын қосымша топтар ашу, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйірмелер ашу;

- Жеке материалдық-техникалық базаны құру;

- 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

- Құлынжон ауылында мектеп жасына дейінгі балалардың кезектілігін төмендету;

- Балабақша аумағын абаттандыру, жөндеу, балаларға арналған балалар күркелерін, ойын алаңдарын орнату.

- Қосымша жұмыс орындарын ашу.

Объектінің орналасқан жері: индекс 070010, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы,  Көкпекті ауданы, Құлынжон ауылы, Гагарин көшесі 24Б.

Толық ақпаратты  мына жерден алуғк болады: Шығыс Қазақстан облысы,  Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, "Білім бөлімі" ММ , Уәлиханов көшесі, 65.


Білім бөлімінің басшысы                               Ш.Мустафинова

Пожаловаться
Автор: admin
Прочитали - 890
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать