Русский   Қазақша
Регистрация

Маңызды

» » тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

11-11-2020, 18:11

Әкімдіктің 2020 жылғы 5 мамырдағы №156  «2020 жылға Көкпекті ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

     Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Көкпекті ауданы бойынша әкімдігінің «2020 жылға Көкпекті ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекіту туралы» 2020 жылғы5 мамырдағы №156 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде 6 мамыр  2020 жылы  №7042 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. «Көкпекті ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауКөкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми  жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Көкпекті ауданының әкімі                                                          С.Садвақасов


Пожаловаться
Автор: admin
Прочитали - 320
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать